Рудныйда техногенді сипаттағы төтенше жағдай жарияланды

None
ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат - Рудный қаласының тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері штаттық режимде жұмыс істеп жатқанына қарамастан, қалада төтенше жағдай режимі жарияланды. Оған себеп - желілердегі апаттар мен іркілістің жиі орын алуы, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


«Жағдай тұрақты. Алайда жылу және сумен жабдықтау, кәріз желілерінің кейбір учаскелерінде тозудың жоғары деңгейіне байланысты апаттар мен жарылу жағдайлары жиілеп кеткендіктен, қала әкімдігі судың қатып қалуының алдын алу мақсатында жылу беру маусымындағы желілерді, сондай-ақ төтенше жағдайларды жою, қосымша күштер мен қаржылық қолдауды тарту арқылы жергілікті маңызы бар техногенді сипаттағы төтенше жағдай жариялады», - деп хабарлады әкімдік.
27 қаңтарда Рудныйда жылу магистралінің жарылуы салдарынан 24 көпқабатты үй мен 59 жеке үй жылусыз қалған болатын. Бір апта бұрын дәл сол желіде апат болған еді. Ол кезде бірнеше ондаған үй, сондай-ақ жүзден астам жеке үй мен ғимараттар жылусыз қалды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оқиға орнында болып, апаттың салдарымен танысып, жағдайды қалыпқа келтіру бойынша тиісті тапсырмалар берді.


Соңғы жаңалықтар