Рудныйда шығарылатын сүт өнімдері Ресейге экспортталмақ

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Рудный қаласындағы «Лидер-2010» ЖШС сүт өңдеу және сүт өнімдерін шығару кәсіпорнының жұмысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Лидер-2010» ЖШС – Қостанай облысының экспорттық әлеуеті жоғары, жетекші кәсіпорны. Бүгінде аталмыш серіктестіктің өнімі Қазақстанда ғана емес, Ресей Федерациясына экспортқа шығарылады.

«Сүт өнімдерінің 60 түрін шығарамыз. Олардың ішіндегі ең танымалы - «Тан» қышқыл сусыны. Сондай-ақ, қоюландырылған және пісірілген сүттің де сұранысы жоғары. Зауыт бір күнде 23 мың тонна сүтті өңдейді. Енді сүт өнімдері Челябинск, Екатеринбург, Уфа сияқты қалаларға жеткізіледі», - деді «Лидер-2010» ЖШС директоры Александр Лигай.


Асқар Мамин кәсіпорын жұмысына оң бағасын беріп, экспорт көлемін ұлғайтуды тапсырды.

Айта кетейік, бүгін ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қостанай облысына жұмыс сапарымен келді.

Соңғы жаңалықтар