Рудныйда қызметтік иттің көмегімен синтетикалық есірткі тәркіленді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Рудный қаласының полициясы синтетикалық есірткі затын пайдаланып келген жергілікті тұрғынды қолға түсірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Рудный қаласының полиция қызметкерлері қызметтік иттің көмегімен «жылдамдық» деп аталатын есірткінің синтетикалық түрін сақтау фактісін анықтады.

«35 жастағы Рудный қаласы тұрғынының қалтасынан сарғыш түсті полиэтилен түйіншек заты тәркіленді. Ол «Хоган» есімді қызмет иттің көмегімен қаладағы үйлердің бірінде ұсталды. Сараптама нәтижесіне сәйкес оның 15 грамм синтетикалық есірткі затын өзімен бірге алып жүргені анықталды. Ол бұған дейін есірткі сатқаны үшін сотталған. Қазір ҚР ҚК 296-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», - деді облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің маманы Кенже Қонысбай.

2020 жылдың басынан бері Рудный қаласы полиция басқармасының есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері есірткі заттарын пайдалануға қатысты 8 деректі анықтаған.


Соңғы жаңалықтар