Рудныйда көпқабатты үй өртеніп, 48 адам эвакуацияланды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысының Рудный қаласында көпқабатты үй өртеніп, 48 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға бүгін сағат 02:30 шамасында Рудный қаласының Качар көшесінде болған. Облыстық ТЖД мәліметінше, өрт бес қабатты үйдің бірінші қабатындағы пәтерден шықты. Алдымен пәтер ішіндегі төсек жабдығының жанғаны анықталды.

Өрт кезінде көпқабатты үйдегі 48 адам оқшау аумаққа көшірілді. Оның 8-і - бала. Зардап шеккендер жоқ.

Алдын ала болжам бойынша, темекі тұқылы төсек жабдығының үстіне тиген. Өрт 30 минуттың ішінде сөндірілді.

Соңғы жаңалықтар