Рудныйда көпқабатты тұрғын үй өртеніп, 70 адам эвакуацияланды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Рудный қаласында көпқабатты тұрғын үй өртеніп, екі адамды күйік шалды, деп хабарлайды Қазақпарат.

Ақпаратты облыстық ТЖД баспасөз қызметі растады. Оқиға Рудный қаласындағы Октябрьдің 50 жылдығы көшесінде болған.

"5 қабатты тұрғын үйдің жертөле қабатындағы электр сымдарының тұйықталуы нәтижесінде өрт шыққан. Оқиға орнына жеке құрамның 11 қызметкері мен 4 арнайы техника жұмылдырылды", - деді  ТЖД баспасөз қызметіндегілер.

Құтқарушылар 70 адамды оқшау жерге көшірді. Оның ішінде 20 бала болды. Күйік шалған екі адам құтқарылды.

Соңғы жаңалықтар