Рудныйда көлік жүргізушісі баланы қағып кетіп, ізін суытқан

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Рудный қаласының полицейлері 9 жасар қыздың өліміне кінәлі жүргізушіні іздестіруде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қостанай облысы ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«14 тамыз күні ақ түсті «Киа Рио» маркалы автокөлігінің 39 жастағы жүргізушісі Рудный қаласындағы Парковая-Гагарин көшелерінің қиылысында орналасқан жаяу жүргіншілер жолымен өтіп бара жатқан 9 жасар оқушы қызды қағып кетті. Оқиға салдарынан зардап шеккен бала жедел жәрдем қызметкерлері келгенге дейін көз жұмды», - деп мәлім етті департамент өкілі.

Жүргізуші жол апатынан кейін көлігін қалдырып кетіп, оқиға орнынан жасырынған.

«Полицейлер автокөлік  жүргізушінің танысына тиесілі екенін анықтады. Қазіргі таңда Рудный полицейлері күдіктіні іздестіріп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып кетті», - деп түйіндеді ІІД өкілі.

Соңғы жаңалықтар