+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Рудныйда ірі спорт кешені ашылды

2016 жылғы 16 желтоқсан 17:56
Бөлісіңіз:
Рудныйда ірі спорт кешені ашылды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Рудный қаласында жоғары деңгейдегі сайыстар өткізілетін ірі спорт кешені ашылды. Мини-футбол залы УЕФА талаптарына сай жабдықталған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Қостанай облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Өңір басшысы Архимед Мұхамбетов спорт кешенінің ашылу салтанатына қатысып, енді рудныйлықтардың салауатты өмір салтын қалыптастыруға деген ынталарының артатынын тілге тиек етті. Спорт ғимаратының жалпы көлемі 2 мың шаршы метрден асады. Бұл жерде паркет төселген мини-футбол залынан басқа, волейбол мен баскетбол, үлкен және үстел теннис ойындарына арналған алаңдар салынған.

«Жанкүйерлер үшін 400 орындық мінбер жасалды, - деп айтылады хабарламада. - Спортшыларға душы бар 4 киім ауыстыру бөлмесі, массаж кабинеті қарастырылған».

Спорт кешенінің ашылуында мини-футболдан Қазақстан жоғары лигасы чемпионаты өтіп, рудныйлық «Аят» және спортқа жаңадан аяқ басқан шымкенттік-біріншілік «балалар мен жасөспірімдердің олимпиадалық резерв орта мектебі» ойын көрсетті.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақбөпе Әбдрасул

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT