Рудныйда екі әйелді өлтіріп кеткен күдікті ұсталды

None
None
РУДНЫЙ. ҚазАқпарат – Рудныйда екі әйелді өлтіріп кеткен 39 жастағы күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақпаратты облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің маманы Кенже Қонысбай растады.

«Оқиға 21 ақпан күні болған. Рудный қаласының тұрғыны полицияға хабарласып, 68 жастағы әпкесінің телефон қоңырауына жауап бермейтінін айтқан. Кейін оның 34 жастағы туысы жоғалып кеткені анықталды. Іздеу шаралары барысында кеше екі әйелдің де денесі табылды. Осы іс бойынша 39 жастағы күдікті қолға түсті»,- деді Кенже Қонысбай агенттік тілшісіне.

Күдікті бұған дейін де қылмыс жасап, түрмеге қамалған. Тергеу шаралары жалғасуда.


Соңғы жаңалықтар