Рудныйда бұзылған жылу желісі қалпына келтірілді

None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Үйлерге әзірге жылу берілген жоқ, бірақ бұзылған жылу желісін қалпына келтіру жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Рудный әкімдігіне сілтеме жасап.

«Жұмыстар 27 қаңтар 06:30-да аяқталуы тиіс. Жылу желісі толтырылды. Пәтер иелерінің тұтыну кооперативіне тұрғын үйлердегі тиектерді ағыту туралы ақпарат беріледі», - деді әкімдіктен.

Кеше Рудныйда 24 көпқабатты үй мен 59 жер үй жылу желісінің жарылуынан жылусыз қалған болатын. Апат бір апта бұрын болған жерде орын алған. Ол кезде бірнеше ондаған үй, жүзден астам жер үй мен ғимарат жылусыз қалған еді. Оқиға орнына Президент Қасым-Жомарт Тоқаев барып, жағдайды қалпына келтіру бойынша тапсырмалар берді.


Фото: Рудный қаласының әкімдігі


Соңғы жаңалықтар