Рудныйда автогрейдер ұрланды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Ақпанның 6-на қараған түні Рудный қаласында басқаларына ұқсамайтын көлік айдап кету оқиғасы болған. Космонавтов- Парковая көшелерінің қиылысында белгісіз біреу далаға қараңғы түскенін пайдаланып, автогрейдерді айдап әкеткен.

Қостанай облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің хабарлауынша, сыртқы бейнебақылау таспасындағы жазбаларды қарау барысында оқиғаға қатысты адам анықталып, ұсталды. Ол Қамысты ауданының 36 жастағы тұрғыны болып шықты. Аталған фактімен ҚР ҚК-нің 200-бабының 1-бөлімі бойынша (Автомобиль немесе өзге көлік құралын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену) сот алдындағы тергеу амалдары жүргізілуде.

Бап санкциясына сәйкес, қылмыскер бір мың АЕК-ке дейін айыппұл төлеп, немесе сол көлемдегі түзеу жұмыстары, немесе екі жылға дейін бас бостандығын шектеу, немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар