Рудныйда асылып қалған ер адамның мәйіті табылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат — Рудныйлық студенттер бұтаның арасынан арқанға асылып тұрған ер адамның мәйітін тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қостанай облысы полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тізерлеп тұрған мәйіттің суреті әлеуметтік желілерде тараған. Жан түршігерлік оқиғаға жергілікті колледж студенттері куә болған. Ер адамның колледжге қарама-қарсы бұтаның арасында асылып қалғаны анықталды.

«21 қыркүйек күні 13.08-де Рудный қаласындағы Мир көшесінде колледжге қарама-қарсы бұталардың арасынан 55 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Өлімнің алдын ала себебі – өз-өзіне қол жұмсау», - делінген полиция ақпаратында.

Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалған. Мүрденің езіліп кеткені белгілі болды.



Соңғы жаңалықтар