Рудныйда алаяқтар мүмкіндігі шектеулі адамды алдап кетті

None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат –Алаяқтар мүмкіндігі шектеулі Рудный қаласынын тұрғынының картасынан ақша қаражатын шешіп алған. Бұл туралы ҚазАқпарат polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Шығын сомасы шамамен 60 000 теңгені құрады. Белгісіз екі ер адам жұмыстан оралғанда жәбірленушіге жақындаған. Олар сұрақтар қойып және көмек ұсынған. Рас, көмек көрсетудің мәні нақтыланбаған. Ер адам шатастырып, барлық сұрақтарға толық жауап берген. Осыдан кейін, жәрдемақыны банк картасына аудару туралы хабарлаған кезде, жәбірленуші бұл соманы қолма-қол ақшаға айналдыруды шешкен, бірақ картада ол болмаған.

Банкке жүгінген кезде, қаражат бұрын алынғаны анықталып, сонымен қатар оның абоненттік деректеріне несие алуға әрекет жасалған.

Қазіргі уақытта қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарды анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар