Рудныйда 9 қабатты тұрғын үйден өрт шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанай облысына қарасты Рудный қаласында 9 қабатты үйден өрт шықты. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның дерегінше, бүгін таңертеңгі сағат 10:00-де өртке қарсы қызметтің кезекшілік бөліміне Қостанай облысына қарасты Рудный қаласының Корчагин көшесі бойындағы 9 қабатты үйден өрт шыққандығы туралы хабарлама түскен.

«Өрт 2-қабаттан шыққан және 40 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт сөндіру қызметінің мамандары 24 адамды қауіпсіз жерге көшірді, оның үшеуі - бала. Тағы бір бала құтқарылды. Өрт сағат 10-58-де толықтай өшірілді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Алдын ала деректерге сәйкес өрт отты абайсыз пайдалудан шыққан», - деді ресми өкіл.

Н.Нұрахметовтің айтуынша, қызыл жалынды сөндіруге Қостанай облыстық ТЖК жеке құрамының 13 маманы мен 3 техникасы жұмылдырылған.

Соңғы жаңалықтар