Рудныйда 70-тен астам студент колледж асханасындағы тамақтан уланды

None
None
РУДНЫЙ. ҚазАқпарат - Рудный қаласында колледж асханаларының бірінде студенттер жаппай тамақтан уланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы емдеуге жатқызылған студенттердің жағдайын айтты.

Рудный тау-кен технология колледжінің 70-тен астам студенті жергілікті асханада уланған.

Зардап шеккендер жүрегі айнып, құсқысы келгеніне шағымданып қаланың медицина мекемелеріне жүгінген.

«Студенттер ауруханаға жаппай шағымданып барған. Жағдайлары негізінен жеңіл және орташа ауыр. Көпшілігі амбулаториялық емдеуге жіберілді. Дәрігерлер науқастардың асқазанын жуып, алғашқы көмек көрсетті, сосын үйіне қайтарды», - деп түсіндірді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Сондай-ақ, ведомство 10 студенттің ауруханаға жатқызылғанын хабарлады.


Соңғы жаңалықтар