Рудныйда 5 жасар баланы қаққан жүргізуші 5 жылға сотталуы мүмкін

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 30 жастағы жүргізуші Рудныйдағы уақытша ұстау оқшаулағышына алынған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

Облыстық ведомствоның мәліметіне қарағанда, жүргізуші полицияға сағатына 50 км жылдамдықпен қозғалып келе жатқанын айтқан.

«Қазір Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Аталған норма бойынша, белгілi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады», - дейді ІІД-дегілер.

Еске сала кетейік, кеше, 19 қыркүйекте Рудный қаласында «Skoda» маркалы көлік жүргізушісі жаяу жүргіншілер өтетін жолақта әйел мен баланы қағып кеткен. Әйелдің немересі 5 жасар бала оқиға орнында қаза тапқан. Дене жарақаттарын алған әйел ауруханаға жеткізілген.

Соңғы жаңалықтар