Рудныйда 45 жастағы ер адамды қинап өлтірген күдікті ұсталды

None
None
ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Қостанай облысында 45 жастағы ер адамды өлтірген күдікті қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақпаратты Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Оқиға Рудный қаласында болған.

«Рудный қаласы Фрунзе көшесіндегі үйлердің бірінің пәтерінен зорлық-зомбылық белгілері бар 45 жастағы ер адамның денесі табылды. Полиция қызметкерлері осы іске қатысты Рудный қаласының 49 жастағы тұрғынын ұстады. Күдікті қамауда отыр», делінген полиция ақпаратында.

Қазір осы іс бойынша ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар