Рудныйда 41 жастағы әйел төртінші қабаттың балконынан құлап кетті

None
None
РУДНЫЙ. ҚазАқпарат - Бүгін Рудныйда 41 жастағы әйел төртінші қабаттың балконынан құлап мертікті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімет таратты.

Оқиға орнына тез жеткен полиция қызметкерлері әйелмен бірге тұратын еркектен жауап алып, оқыс жағдайдың қалай болғанын анықтады.

«Оның айтуынша, екеуі бірге спиртті ішімдік ішкеннен кейін 41 жастағы әйел үйден сыртқа шығуға тырысқан, алайда еркек оны жібермеген. Жанжал балконда жалғасқан. Сол кезде әйел балконнан құлап кеткен», - деп түсіндірді полицияның баспасөз қызметі.

Қазір зардап шеккен әйел ауруханада жатыр. Ер адам жағдайдың егжей-тегжейі анықталғанша қамауға алынды.


Соңғы жаңалықтар