Рудныйда 4 жасар сәби үйдің 5-қабатынан құлап кетті

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Рудныйда ата-анасының қарауынсыз қалған 4 жасар бала терезеден құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақпаратты облыстық ТЖД баспасөз қызметі растады. Оқыс оқиға 15 шілде күні Рудный қаласында болған.

«Сағат 17:30-дар шамасында Марите көшесінде көпқабатты үйлердің бірінде 2014 жылы туған бала 5-қабаттан құлап кетті. Бала ата-анасының қарауынсыз қалған», - делінген облыстық ТЖД баспасөз хабарламасында.

Бала түрлі жарақатарымен Рудный қалалық ауруханасына жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар