+7 (701) 759 90 19
USD 384.63 EUR 427.98
RUB 6.08 CNY 54.68
Jańalyqtar

Рудныйда 28 жастағы жігіттің денесіне 100 келі жүк байлап, суға батырған

2019 жылғы 20 шілде 13:39
Бөлісіңіз:
Рудныйда 28 жастағы жігіттің денесіне 100 келі жүк байлап, суға батырған

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Бір айдан бері із-түзсіз жоғалып, іздеу салынған Рудный тұрғыны судан табылды. Полиция қызметкерлері қылмыстың кейбір мән-жайын ашты, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
19 жыл бұрын үш адамды атып өлтірген қылмыскер Бельгияда ұсталды Алматы облысында 55 жастағы әйел күйеуін оқтаумен ұрып өлтірді Алматыда ер адам кішкентай баланы буындырып өлтірді

2019 жылдың 8 маусымында Рудный қаласының полиция басқармасына жергілікті тұрғын келіп, баласының бірнеше күн бұрын жоғалып, хабарсыз кеткенін айтқан.

Қылмысты ашу үшін Рудный қаласының полиция департаменті мен полиция басқармасының тәжірибелі мамандарынан жасақталған жедел тергеу тобы құрылды. Тергеу барысы Рудный қаласы прокуратурасының бақылауына алынды.

«Полиция қалада және қала сыртында жедел тергеу барысында Рудный қаласының 20 және 29 жастағы екі тұрғынын қолға түсірді. Екеуі де бұған дейін бірнеше рет сотталған. Оның ішінде ауыр қылмыс жасағаны үшін де жауапқа тартылған. Күдіктілердің бірі облыстан қашып бара жатқанда ұсталды. Соңынан айғақтар мен дәлелдердің күшімен күдіктілер қылмысын мойындап, ер адаммен сөзге келіп қалғандықтан өлтіргенін және мәйітті қаладан 200 шақырым жерде суға батырғанын айтты», - деп мәлім етті полиция өкілі.

Күдіктілердің жауабын тексеру арқылы мәйіт 16 шілде күні Ұзынкөл ауданының Алабұға өзенінен табылды. Денесінде көптеген жарақаттар бар. Сондай-ақ, мәйітке 100 келі жүк байланған. Күдіктілердің бірі осы жердің тумасы болғандықтан, өңірді жақсы білген.


Автор: Жанна Мұсабаева

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қостанай облысы, Оқиға,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT