Рудныйда 15 жасар оқушы беті ашық жатқан құдыққа түсіп кетті

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Рудный қаласында 15 жасар оқушы беті ашық жатқан тереңдігі 4 метрлік құдыққа құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше,оқиға Рудный қаласындағы «Достық» саябағының маңында болған.

«Жасөспірім досымен бірге саябақта серуендеп жүрген. Кенет беті ашық қалған құдыққа түсіп кетті. Қасындағы досы бірден өрт сөндіру қызметіне қоңырау шалған. Оқиға орнына Рудный қаласының құтқарушылары жұмылдырылды. Олар арқанды пайдаланып, тереңдігі 4 метр құдықтан жасөспірімді алып шықты», - делінген ведомствоның ақпаратында.

Жәбірленуші облыстық балалар ауруханасында жатыр. Ал ТЖД мамандары беті ашық қалған құдыққа қатысты тергеу шараларын жүргізуде.

Соңғы жаңалықтар