Рудный тұрғыны вакцина салдырып, көлік ұтып алды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында вакцинаның бірінші компонентін алған тұрғындар арасында автомобиль ұтыс ойыны өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ойынға аймақта вакцина алған 73 мыңнан астам адам қатысты. Жеңімпазды арнайы бағдарлама арқылы таңдаған.

Ойын қорытындысы бойынша, Рудный қаласының 69 жастағы тұрғыны Наталья Федоровна Блум жеңімпаз атанған.

Ұтыс ойынын ұйымдастырушылар оған тікелей эфир арқылы хабарласты. Наталья Фёдоровна өз бағына сене қойған жоқ.

«Бұл қызық жағдай болды. Иә, мен 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында вакцина салдырттым. Бірақ сене алар емеспін!», - деді жеңімпаз телефон арқылы.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасынан баяндағандай, тамыз айының басында Қостанай облысы тұрғындарының арасында «Chevrolet Nexia» көлігін ойнату туралы жарияланған.

Ведомствоның мәліметінше, 1 ақпаннан бастап бірінші облыста вакцинаның компонентін салдыртқандар саны 320 мың адам болса, екінші компонент 293 мың адамға егілді, жалпы қамту 58 пайызды құраған.

Аймақта вакцина егілуі тиіс 505 мың адам бар. Облыста 190 екпе салу пункті жұмыс істеуде.

Бұған дейін вакцина алған облыс тұрғындарының арасында 10 айфон ойнатылған.


Соңғы жаңалықтар