Рудный прокуратурасы мемлекеттік тұрғын үй қорына сомасы 178 млн теңгені құрайтын 78 пәтерді қайтарды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Рудный қаласының прокуратурасы ұзақ уақыт бойы коммуналдық меншікке жүгінбеген 78 пәтерді анықтады.

«Осыған байланысты Рудный прокуратурасы «Рудный тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» ММ басшысының атына иесі жоқ пәтерлерді қайтару және мақсатты талап жұмыстарын жүргізу арқылы коммуналдық меншікке беру бойынша шараларды қабылдау туралы ұсыным енгізді», - деп хабарлады Қостанай облысы прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Орындалған сот актілерінің нәтижесінде мемлекеттік тұрғын үй қорына сомасы 175 млн теңгені құрайтын 78 пәтер қайтарылды. Коммуналдық меншікке өткен пәтерлер тұрғын үйге мұқтаж жандарға берілетін болады, - деп атап өтілген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар