Рудный кәсіпорындары экспорт көлемін ұлғайтпақ

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат –«Nur Otan» партиясы Қостанай облыстық филиалы Рудный қаласындағы мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Рудный қаласында «Nur Otan» партиясының «Индустриалды даму» бағытындағы аймақтық комиссия мүшелерінің көшпелі отырысы өтті. Партиялықтар мен мемлекеттік орган өкілдері бірқатар кәсіпорындарды аралап, индустриалды-инновациялық бағдарламалардың іске асырылу барысымен танысты.

Комиссия мүшелері алдымен Рудныйдағы «Жас Қанат-2006» құс фабрикасына барды. Жаңғырту жұмыстарының үш кезеңінен өткен кәсіпорында, барлық инфрақұрылым жүйелері өткізіліп, жоғары технологиялық жабдықтар сатып алынған. Инвестиция көлемі 3 млрд теңгеден асады. Сұрыптау цехында сағатына 120 мың жұмыртқа шығаратын Nabel атты жапондық жабдық орнатылған. Өндірісті автоматизациялау арқылы 8 сағаттық жұмыс күнінде 1 млн жұмыртқаға дейін тасымалдауға болады.

«Жаңғырту шаралары аясында жұмыртқа, ет және т.б. өнімдерді терең өндеудің автоматты желісін қосуды жоспарлап отырмыз. 2019-2021 жылдар аралығында тұқымды репродуктордың құрылысы басталады. Бұл жабдық толық автоматтандырылған. Жобаның сәтті жүзеге асуы импорт көлемін 40% төмендетуге мүмкіндік береді», - дейді «Жас-Қанат 2006» ЖШС дамыту бойынша директоры Александр Коростылев.



Соңғы жаңалықтар