Рудный қаласының жаңа әкімі тағайындалды

None
None
РУДНЫЙ. ҚазАқпарат – Архимед Мұхамбетов Рудный қаласының жаңа әкімін таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Рудный қалалық мәслихатының депутаттарымен келісе отырып, Рудный қаласының жаңа әкімі Қуандық Испергеновты тағайындады және жергілікті активке таныстырды.

Қуандық Хайдарұлы Испергенов 1970 жылы 8 шілдеде Қостанай облысы Жітіқара ауданы Аққараға ауылында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар. Рудный индустриалдық институтын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша және Қостанай әлеуметтік академиясын заңгер мамандығы бойынша бітірген», делінген баспасөз хабарламада.

Қуандық Испергенов бұған дейін Бейімбет Майлин атындағы ауданның әкімі қызметін атқарған.

Еске сала кетсек, таяуда Рудный қаласының әкімі Бақытжан Ғаязов өз еркімен жұмысынан кетті.


Соңғы жаңалықтар