Рудный қаласының төңірегінде жол бойындағы дәмханадан өрт шықты

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Рудный қаласынан сегіз шақырым қашықтықта дәмханадан өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қостанай облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Бүгін 12:40-та «Қостанай-Рудный» тасжолының 34 шақырымында жеке тұрған екі қабатты «Донер-Кебаб» дәмханасының 200 шаршы метрлік шатыры жанып кетті. Өрт 13:52-де ауыздықталып, 14:05-те сөндірілді. Эвакуация жүргізілмеді, ешкім зардап шеккен жоқ», - деп хабарлады ТЖД-дан.

Ведомствода өрттің шығу себебі мен материалдық залалдың нақты сомасын әзірге хабарлаған жоқ.

Соңғы жаңалықтар