Рудный қаласындағы есірткі сатушы киндер-сюрпризге героин жасырған

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Рудный полициясы киндер-сюрприздің пластик контейнеріне есірткі жасырмақ болған 35 жастағы ер адамды ұстады.

Қостанай облыстық ІІД хабарлауынша, тәркіленген героиннің салмағы 3 граммнан сәл асады. Есірткі салынған ойыншық жүргізуші орындығының астына жасырылған.

Облыстық ІІД брифингінде жедел уәкіл Айгүл Ерәділова 1 маусымнан бастап, республикалық «Көкнәр-2016» жедел-алдын алу шаралары өткізіліп жатқанын хабарлады. Бұл шаралар қазан айында аяқталады. Операция басталғалы полиция 89 келі түрлі есірткі ұстаған. Жыл басынан бері Қостанай ІІД наркобизнеспен күрес басқармасының қызметкерлері 167 қылмысты ашты, оның 130 фактісі есірткі тасымалдауға қатысты.

 «10 тамыз күні Қостанай ІІД наркобизнеспен күрес басқармасының қызметкерлері 35 жастағы қала тұрғынын Темірбаев көшесіндегі өз пәтерінде ұстады, - деді А.Ерәділова. - Ол өз үйінде 3 граммнан асатын героин сақтаған. Сотқа дейінгі тергеу ісі жүргізіліп жатыр». 

Соңғы жаңалықтар