Рудный қаласында жеке үйде болған өрт салдарынан ер адам қаза тапты

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Тұрғын үйде болған өрттің салдарынан 47 жастағы ер адам қатты күйік шалып, ауруханада қайтыс болды. Бұл туралы Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомство ақпаратынша, 15 мамыр күні таңғы сағат 08:30-да Шевченко көшесі бойында өрт шыққан.

«Рудный қаласының №2 өрт сөндіру бөлімі кезекшісінің пультіне жанып жатқан үй туралы қоңырау түсті. Өрт сөндіру қызметі оқиға орнына келген кезде тұрғын үй алаулап жанып жатқан. Өрт сөндірушілер жалынды 15 минуттан кейін ауыздықтады. Өрт толығымен сағат 08:55-те сөндірілді. Үй ішіндегі 10 шаршы метр аумақтағы бөлме отқа оранған. Бөлме жиһаздар және заттармен бірге жанып жатқан. Өрт болған жерде үйдің кіреберісінде күйік шалған 47 жастағы ер адамның денесі табылған, ол кезде ер адам тірі болған», - деп хабарлады ТЖД.

Құтқарушылар зардап шеккен ер адамды дәрігерлерге тапсырған. Ол ауруханада қайтыс болды.

«Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ер адамның тұрақты үйі болмаған, оның өрт шыққан үйге қатысы болмаған. Өрттің себебі анықталуда», - деп қорытты ТЖД.


Соңғы жаңалықтар