Рудный қаласында түрмеден қашқан екі қылмыскер ұсталды

None
None
РУДНЫЙ. ҚазАқпарат – Рудный қаласы полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері 161/11 қоныс-колониясынан қашқан екі қылмыскерді ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы жылдың 16 қаңтарында кешкі сағат 21:00 шамасында колонияның кезекші қызметкері түзеу мекемесінің аумағында сотталған екі тұрғынның жоқ екенін анықтаған.

1986 және 1996 жылы туған екі ер адам колонияның терезесін сындырып, қашып кеткен.

«Мекеме басшылығы дабыл көтеріп, жеке құрам бағдарланды. Екі сотталушы Рудный қаласында тұрған, сондықтан Рудный қаласы полиция басқармасының қызметкерлері күшейтілген қызмет атқару режиміне ауыстырылды. Жедел іздестіру іс-шаралары кезінде қаладағы жалдамалы пәтерлер, қылмыскерлердің достары мен туыстары тексерілді. Сол күні тәртіп сақшылары сотталғандарды ұстады» делінген ведомство хабарламасында.

Қазіргі уақытта іс сотқа берілді, ал сотталғандардың өздері Қостанай қаласының тергеу изоляторына қамалды.


Соңғы жаңалықтар