Рудный қаласында суық су құбыры жарылды
2022 жылғы 10 желтоқсан, 13:12

РУДНЫЙ. ҚазАқпарат – Бүгін таңертең Рудный қаласында құбыр жарылып, жолды су басып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдікке сілтеме жасап.
«Рудный қаласында шамамен сағат 10-дар шамасында Дзержинск және Горький көшелері қиылысындағы су құбыры жарылып, тұрғын үйдер сусыз қалған. Апат болған жерге арнайы мамандар барып, жөндеу жұмыстарын жүргізді. Қазіргі кезде жөндеу жұмыстары аяқталып, тұрған үйлерге су беріле бастады», - делінген Қостанай облыстық энергетика басқармасының хабарламасында.Оқиғаның видеосы желіде жарияланды.
Видеодан алынған кадр
Теги:
Сондай-ақ... оқыңыз
Серіктестер жаңалықтары
TOP