Рудный әкімінің міндетін атқарушы болып Виктор Ионенко тағайындалды

None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысы Рудный қаласы әкімінің орынбасары және әкім міндетін уақытша атқарушы болып Виктор Ионенко тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2023 жылдың 6 ақпанынан Рудный қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселелері жөніндегі әкім орынбасары қызметіне Ионенко Виктор Николаевич тағайындалды. Ол қала әкімінің міндетін де уақытша атқаратын болады. В. Н. Ионенконың инженерден бастап, облыс әкімінің орынбасарына дейінгі түрлі қызметтерде тәжірибесі мол. Сондай-ақ 3 ауднада - Денисов, Меңдіқара және Қарасу аудандарында әкім болған», - деді облыс әкімдігінен.

Іспергенов Қуандық Хайдарұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты Рудный қаласы әкімі қызметінен босатылды.
Фото: Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі





Соңғы жаңалықтар