Рубльдің айналымда көптігі инфляцияға қалай әсер етеді – министр жауабы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров ресейліктердің елімізге көптеп келуінен айналымға түскен рубльдің инфляцияға қалай әсер етіп жатқанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әрине, теңгемен нақты бір байланысы бар. Өйткені, біз де Ресейден тауар импорттаймыз. Ресеймен, өзге де шекаралас елдермен тығыз жұмыс істейміз. Сондықтан бұл өзара ақша айналымы саналады. Ол теңгеге қысым да келтіреді, сонымен қатар оны нығайтады да», - деді министр Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Министр теңге бағамына белгілі бір деңгейде инфляция барысы да әсер ететіндігін атап өтті.

«Ұлттық банк осы бағытта жұмыс істеп жатқанына сенімдімін», - деді Әлібек Қуантыров.


Соңғы жаңалықтар