Роза Отынбаева алдағы президенттік сайлауға қатыспайды

None
None
БІШКЕК. 21 ақпан. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбеков/ - Қырғызстан президенті Роза Отынбаева Нарын облысында жұмыс сапарымен болып қайтты.

Сапар барысында Р.Отынбаева Ат-Башы ауданында орналасқан Ача-Қайыңды ауылындағы «Ой-Теріскен» орта мектебінде болып, 2010 жылғы «сәуір оқиғаларының» қатысушыларына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Осы жерде республика басшысы ауданның орта мектептерінің директорларымен кездесті.

Өз кезегінде, облыс активі Р.Отынбаеваға алдағы президент сайлауына қатысуға ұсыныс жасады. «Маған мемлекет басшысы ретінде өкілеттік мерзімімді ұзартуға ниет еткен адамдарға алғысым шексіз». Бірақ біз Заң алдында бірдей болуымыз тиіс, мен өз кандидатурамды алдағы сайауға ұсынбақ емеспін. Біз 2010 жылдың 27 маусымында келісілгендей билікті бейбіт түрде заң шеңберінде беруіміз қажет», - деді Р.Отынбаева.

Соңғы жаңалықтар