Роза Мұқанова: Драматургияның ерекшелігі - жан мен сананың арпалысын көрсете білуінде

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бұл туралы «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының ұйымдастырған «Ауылым — алтын тұғырым» дәстүрлі әдеби-онлайн конкурсының жеңімпаздарын марапаттау салтанатында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Проза» аталымы бойынша бірінші орын Ретбек Мағазға, екінші орын Жадыра Шамұратоваға, үшінші орын Абай Аймағанбетовке бұйырды.

Бұл аталымда Әбіш Кекілбаев атындағы арнайы жүлдемен - Әлихан Жақсылық, Ақан Нұрманов атындағы арнайы жүлдемен - Абай Ораз, Рақымжан Отарбаев атындағы арнайы жүлдемен - Асылан Қуанышұлы, «Ауыл» партиясының арнайы жүлдесімен - Рүстам Гасымов марапатталды.

«Қалыптасқан суреткер болмаса, драматургияға аяқ басу қиын. Биыл осы жанрда тоғыз шығарма қатысты. Драматург болу үшін адамның жанын терең түсіну керек. Қалыптасып қалған дәстүрге жанның келіспеуі «драматургиядағы конфликт» деп аталады. Жанрдың ерекшелігі - жан мен сананың арпалысында», - дейді жазушы-драматург, қазылар мүшесі Роза Мұқанова.

Биылғы «Алтын тұғыр» белгісінің иегеріне Абайдың 175 жылдығына орай қосымша ақшалай сыйлық тағайындалды. Бұл сыйлыққа «Драматургия» аталымы бойынша бірінші орын иегері Төкен Әлжантегі қол жеткізді.

Аталымның екінші орны - Әлібек Байболовқа, үшінші орын - Әділхан Асановқа бұйырды.

«Драматургия» аталымы бойынша да арнайы жүлделер тағайындалып, Баққожа Мұқай атындағы арнайы жүлдемен - Дидар Амантай, Қалихан Ысқақ атындағы арнайы жүлдемен - Советхан Қазиев, Сәкен Жүнісов атындағы арнайы жүлдемен - Өтен Ахмет марапатталды.

Байқауға ұсынылған шығармаларға белгілі қоғам қайраткерлері, танымал ақын-жазушылар мен әдебиеттанушы ғалымдардан құралған қазылар алқасы төрелік етті.

Соңғы жаңалықтар