Роза Бағланованың 1942 жылы Өзмемфилармониясымен майданда түскен суреті жарияланды

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Ислам Каримов атындағы ғылыми-ағарту мемориалды кешені төрағасының орынбасары, академик Тұрсынәлі Қузиев Facebook парақшасында Өзмемфилармониясы әйелдер ансамблінің майдандағы суретін жариялады. Суретте қазақтың біртуар әншісі, КСРО халық әртісі Роза Бағланова бірінші қатарда отыр.

2011-2013 жылдары Өзбекстан Республикасының Мәдениет министрі болған, бүгінгі күні ғылыми-ағарту кешені директорының орынбасары Тұрсынәлі Қузиевтің сөзіне қарағанда, суреттің артқы жағында «Солтүстік-Батыс фронт, Валдай-Торжок ауданы, 1942 қазан» деген жазу бар. Сондай-ақ, онда суреттегілердің есімдері жазылған.

«Өзмемфилармониясы әйелдер ансамблі алғы шепте әуе байланысы командирі, полковник Токарев Борис Кузьмич, әуе байланысы комиссары, Совет Одағының батыры Таряникпен бірге» деген жазу бүкіл мән-жайды ұғындырып тұрғандай.

«1-қатар, солдан оңға қарай:

-Роза Бағланова;

-Раима Хакимова;

-Муқаддас Изамова;

-Хадиша Хакімова;

Ғани Ағзамов.

2-қатар:

-Габриэльян Сурен Никитович;

-Қиммат Борухова;

-Разия Каримова;

-Токарев Борис Кузьмич;

-Римма Ерматова;

-Таряник;

-Исахар Акилов;

-Мурабий Қасымов.

3-қатар;

-Кино-оператор Фролов;

-Рукия Аюшева;

-Фахриддин Садықов;

-Гауһар Рахымова.

-2 ұшқыш;

-Хабиб Рахманов;

-Бабараим Мырзаев;

-Миновар Сафиевич Бурнаш;

-солдат;

-Барат Байматов.

Суреттегі Григорий Аверьянович Таряник (1913-1979) гвардия полковнигі, Солтүстік-Батыс фронттың 260-жақыннан бомбалаушы әуе полкі комиссары, 4-гвардиялық бомбалаушы авиациялық Борисов дивизиясын басқарған», деп жазады Тұрсынәлі Қузиев.

Роза Бағланова (1922-2011) – соғыстан соң Өзбекстаннан елге оралған. Қазақстанның (1955) және бұрынғы КСРО халық әртісі (1967), Халық қаһарманы (1996). Туысқан халық өкілі жариялаған бұл сурет Роза Бағланова өмірін зерттеушілер үшін құнды жәдігер болмақ.


Авторы: Бегабат ҰЗАҚОВ.


Соңғы жаңалықтар