Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойына коллекциялық монета айналымға шығады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Ұлттық банкі ROZA BAǴLANOVA. 100 JYL коллекциялық монетасын айналымға шығарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Монетаның сатылымға шығатын күніне қатысты ақпарат ҚҰБ сайтында қосымша жарияланады.

Номиналы 100 теңгелік мельхиордан соғылған монета «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясын жалғастырады.

КСРО халық артисі, Қазақстанның Халық қаһарманы, кеңестің және қазақтың опера және эстрада әншісі Роза Бағланованың туғанына 2022 жылы 100 жыл толады.

Монета бетінің (аверсінің) орталық бөлігінде Қазақстанның Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген.

Елтаңбаның оң жағы мен сол жағында ою-өрнек элементтері орналасқан. Монетаны айналдыра QAZAQSTAN ULTTYQ BANKI • NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN деген жазу жазылған. Төменгі бөлігінен монетаның номиналын білдіретін 100 TEŃGE жазуын көруге болады.

Монетаның екінші бетінде (реверсінде) Роза Бағланованың суреті, портреттің сол жағында мерейтойлық датаны білдіретін 100 JYL деген жазу бар.

Монетаны айналдыра «Ах, Самара-городок» әнінің ноталары, ROZA BAǴLANOVA, монетаның шыққан жылын білдіретін «2022» деген жазулар бар.

Суретті үлкейту

Коллекциялық монета МН25 мельхиор құймасынан, 15 грамм салмақта, 33 мм диаметрмен, brilliant uncirculated сапада, 100 теңгелік номиналмен 15 000 дана болып шықты.

Монета коллекциялық құны бойынша сатуға арналған.

Олар Қазақстан Республикасының аумағында барлық төлем түрі бойынша номиналды құнына сай қабылданады, сондай-ақ монеталарды банк шоттарына салып, аударым жасауға, Қазақстан Республикасының барлық банкінде айырбастап, ұсақтауға болады.

Коллекциялық монета Қазақстанның теңге сарайында жасалған.


Соңғы жаңалықтар