29.04.2022 17:53 Бейжіңде Ахмет Байтұрсынұлы мен Роза Бағланованың құрметіне естелік конверт шықты БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қытай астанасында екі мерейтойға - Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы мен Роза Бағланованың 100 жылдығына арналған естелік конверттердің тұсаукесері өтті, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.
23.04.2022 21:28 Роза Бағланова туралы кітап-альбом шықты НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада өтіп жатқан Eurasian Book Fair-2022 V Еуразия халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесінде Роза Бағлановаға арналған кітап-альбомның тұсаукесері ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
15.04.2022 21:07 Астрахан облысында Роза Бағланованың 100 жылдығы атап өтілді АСТРАХАН. ҚазАқпарат – Ресей Федерациясының Астрахан облысында қазақтың көрнекті әншісі, КСРО халық әртісі, Қазақстанның Халық қаһарманы Роза Бағланованың 100 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті. ҚазАқпарат бұл туралы Қазақстанның Ресейдегі Елшілігіне сілтеме жасап хабарлайды.
15.04.2022 18:02 Алматыда Роза Бағлановаға ескерткіш орнатылды АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда опера және эстрада әншісі, КСРО халық әртісі, Қазақстанның халық қаһарманы Роза Бағлановаға ескерткіш қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
08.04.2022 14:05 Беларусь отбасы Роза Бағланованың әндері жазылған көне дискіні сақтап келген НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Беларусь мемлекеттік музыка академиясында әлемге әйгілі әнші, «Халық қаһарманы» Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойына арналған ғылыми оқулар өтті. Жергілікті тұрғын жиынға әншінің танымал қос әні жазылған көне дискіні алып келді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтында жарияланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
02.04.2022 06:38 Көкшетауда Роза Бағланованың 100 жылдығына арналған концерт өтті КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Көкшетауда Роза Бағланованың 100 жылдығына арналған «Қазақтың еркелеткен бір қызымын» атты концерт өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
01.01.2022 10:47 Роза Бағланованың 100 жылдығына орай челлендж басталды НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақтың бұлбұл әншісі Роза Бағланованың 100 жылдығына орай #РозаБағланова100 жыл челленджін басталды. Бұл туралы ҚазАқпарат Қазақконцерттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
01.01.2022 07:36 Роза Бағланованың 100 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтеді НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2022 жылы 1 қаңтарда КСРО мен Қазақстанның халық әртісі, Халық қаһарманы, кеңестің және қазақтың опера және эстрада әншісі Роза Бағланованың туғанына 100 жыл толады. Аңызға айналған әншінің мерейтойы құрметіне түрлі шаралар атқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.