Роза Бағланова атындағы халықаралық вокалдық байқау басталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Қазақстанның және КСРО Халық артисі, Халық қаһарманы, әнші Роза Бағлановаға арналған халықаралық вокалистер байқауы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінен мәлім еткендей, финалға шығу үшін Қазақстан, Түркия, Өзбекстан, Татарстан, Польша, Болгария, Қырғызстан және Беларусь Республикаларынан 21 талапкер бақ сынайды.

12 қазан мен 20 қараша аралығында онлайн форматта өткен іріктеу кезеңінде 48 өтінім қабылданды. Оның қорытындысы бойынша финалға 21 орындаушы өтті. Байқау жеңімпазы 3 желтоқсанда өтетін финал мен гала-концерт кезінде белгілі болады.

Конкурсқа эстрада жанрында өнер көрсететін 18-35 жас аралығындағы вокалистер, республикалық және халықаралық конкурстардың, телевизиялық вокалдық конкурстардың қатысушылары, мәдениет және өнер саласындағы жоғары оқу орындарының студенттері қатысып жатыр.


Соңғы жаңалықтар