Рой Джонс Фируза Шәріпова мен Юлия Куценконың реваншын күтіп жүр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал боксшы кіші Рой Джонс Фируза Шәріпованың Юлия Куценкомен алдағы айқасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі спортшының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ақыры бұл реванш өтетін болды. Олардың бірінші жекпе-жегі жақсы өтті. Екіншісін де өткізу керек», - деп жазды ол Instagram парақшасында.

Еске салайық, ресейлік спортшы Юлия Куценко әлем чемпионы Фируза Шәріповаға реванш-матч өткізуді ұсынған болатын. Қазақстандық пен оның менеджері Сергей Завилейский реванш өткізуге келісім берді.

Фируза Шәріпова мен Юлия Куценконың бірінші жекпе-жегі 8 қыркүйекте өтті. Бұл айқаста Шәріпова төрешілердің бірауызғы шешімімен жеңімпаз атанып, екі салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы болып қала берді. WIBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы белбеуі бәске қойылған.


Автор: Азамат Сыздықбаев

Соңғы жаңалықтар