Роскосмос Байқоңырдан «Протон-М» зымыран-тасығыштарын ұшыруын қалпына келтіреді

None
None
БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат - Роскосмос Байқоңырдан «Протон-М» зымыран-тасығыштарын ұшыруды қалпына келтіру шешімін қабылдады.

Inmarsat-5F3 еуропалық ғарыш аппараты бар «Протон-М» зымыран-тасығышын (ЗТ) кезекті ұшыру 2015 жылдың 28 тамызға белгіленген, деп хабарлайды «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметінен.

Еске сала кетейік,бұған дейін, 2015 жылдың 16 мамырында «МекСат-1» серігі бар «Протон-М» зымыран-тасығышын ұшыру сәтсіз аяқталған еді.

«2015 жылдың 16 мамырында «Протон-М» апатының себептерін тергеу бойынша ведомствоаралық комиссия ұшырудың штаттан тыс аяқталуына турбосорғылық агрегаты роторы теңгерімсіздігінің артуынан болған жоғары виброқуаттың 3-ші сатыдағы басқару қозғалтқышының істен шығуы себеп болды деген қорытынды шығарды», - деп атап өтеді баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар