Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.04 EUR 427.77
RUB 5.88 CNY 54.45
Jańalyqtar

Роналдумен кездесу үшін алаңға жүгіріп шыққан бала мен әкесі ескерту алды

2019 жылғы 22 шілде 16:40 452
Бөлісіңіз:
Роналдумен кездесу үшін алаңға жүгіріп шыққан бала мен әкесі ескерту алды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алтын доп иегері Криштиану Роналдумен кездесу үшін алаңға жүгіріп шыққан қазақстандық жанкүйер Ахмади Ержанов пен оның әкесі Сингапур құқық қорғаушылары тарапынан жаза алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров айтты.

«Бүгін Ювентус пен Тоттенхэм арасындағы матч барысында қазақстандық 14 жастағы жанкүйер Ахмади Ержанов футбол алаңына жүгіріп шығып, Роналдумен суретке түскен. Бұл әрекеті үшін ол әкесімен бірге жергілікті полиция бөлімшесіне жеткізілді. Сингапурдағы заң талаптарының қаталдығын ескерсек, балаға қомақты айыппұл салынуы тиіс болатын. Осы оқиғадан құлағдар болған консул полиция бөлімшесіне келді. Ұсталған азаматтар ағылшынша білмегендіктен, оларға ағылшынша көмек көрсетілді. Нәтижесінде іс материалдары прокуратураға беріліп қойса да Сингапурдағы консул полиция өкілдеріне жағдайды түсіндірді. Соның арқасында жасөспірім айыппұл төлемей, тек ескерту алды. Ахмади – жолы болғыш жігіт», - деді Айбек Смадияров.

ҚР СІМ өкілі қазақстандық азаматтар қиын жағдайға тап болса, бірден консулға жүгінуді ескертті.

«Егер осындай жағдай туындай қалса, қазақстандық азаматтарға міндетті түрде қазақстандық консулмен тілдесу керектігін ескертеміз. Алайда, шетелдегі заң талаптарын бұзбауға шақырамыз», - деді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Айта кету керек, 14 жастағы қазақстандық жас жанкүйердің Криштиану Роналдумен суретке түсіп, қол алысқанын бүгін хабарлаған болатынбыз.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Спорт, Қоғам,
Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT