Роналдудың физикалық дайындығы дәрігерлерді таңғалдырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Ювентустың» дәрігерлері шабуылшы Криштиану Роналдудың дене мүмкіндіктерін 20 жастағы футболшымен салыстырды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

33 жастағы португалиялық ойыншы туриндік клубта медициналық тексеруден өтті. «Роналдудың денесіндегі майдың үлесі - 7%. Әдетте, оның жасындағы спортшыларда бұл көрсеткіш орташа 10-11% аралығында болады. Бұлшықеттері дене салмағының 50 пайызын құрайды (орташа көрсеткіш - 46%)», - деп таңғалды оны тексерген дәрігерлер.

Marca басылымының жазуынша, 2018 жылғы Әлем чемпионатында Роналду сағатына 33,98 километр жылдамдықпен жүгіріп, турнирдегі ең жүйрік ойыншы атанған болатын.

Бұдан тыс, Роналду топтық кезеңнің алғашқы турында Испания қақпасына үш гол соғып, әлем чемпионаттары тарихындағы ең жасы үлкен хет-трик авторы болды.

Бір айта кетерлігі, ол «Ювентусқа» ауысқаннан кейін, туриндік клубтың акциялары 35% қымбаттады, ал «Реал Мадридтің» Туиттерінен миллионға жуық жазылушы шығып кетті. «Ювентустың» Роналдуға берілген 7-ші нөмірлі жейделері сатылымға шыққан соң, алғашқы тәулікте ойыншы трансферлік құнының жартысына жуық қаржы жиналған.

Соңғы жаңалықтар