Роналду Чемпиондар лигасында 130-голын соқты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду «Лионмен» болған ойында қос гол соқты (2:1). Енді португалдықтың қоржынында Чемпиондар Лигасында 130 голы бар. Ол турнир тарихындағы ең үздік шабуылшы және осындай жетістікке жеткен алғашқы футболшы атанды, деп хабарлайды ҚаАқпарат BBC Sport-қа сілтеме жасап.

Екінші орында «Барселона» шабуылшысы –Лионель Месси. Аргентиналық футболшы 114 гол соққан. Ал 71 голға қол жеткізген Рауль Гонсалес Бланко үшінші орынды еншіледі.

Чемпиондар лигасы 1/8 финалының қайталама матчтарында «Манчестер Сити» мадридтік «Реалды» 2: 1 есебімен жеңді. Франциялық «Лион» «Ювентустан» 1: 2 есебімен сүрінді. Бірақ екі матчтың қорытындысы бойынша ширек финалға шықты.


Соңғы жаңалықтар