+7 (701) 759 90 19
USD 378.60 EUR 417.75
RUB 6.13 CNY 54.58
Jańalyqtar

Роналдо «Вальядолид» клубының президенті атанды

2018 жылғы 3 қыркүйек 17:42
Бөлісіңіз:
Роналдо «Вальядолид» клубының президенті атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилиялық танымал футболшы Роналдо Испанияның «Вальядолид» клубына басшы болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА клубтың Туиттердегі ресми парақшасына сілтеме жасап.

Луис Назарио да Лима клуб акцияларының бақылаушы пакетін, яғни 51%-ын 30 миллион еуроға сатып алып, ресми түрде клубтың иесі атанды.

«Біз жаңа менеджмент кезеңін бастағалы отырмыз. Ол бәсекеге төзімділік, жариялылық, революция және әлеуметтік ұстанымдарын басшылыққа алады. Жанкүйерлердің клубты жақсартуға қосар үлесінің артуын қалаймын, олардан сын пікірлер мен ұсыныстарды қабылдауға әзірмін. Бірге бәсекеге төзімді команда құрамыз», - деді Роналдо арнайы ұйымдастырылған шарада.

2001 жылдан бері клуб президенті болып келген Карлос Суарес 2011 жылдан бастап клуб акцияларының басым бөлігіне иелік еткен болатын.

Айта кетейік, «Вальядолид» бірнеше жыл бойы Испанияның бірінші және екінші лигасында жүрді. 2014 жылы Испания чемпионатында 19-орынмен шектеліп, Сегундаға (екінші лига) кеткен. Төрт жылдық үзілістен соң, осы маусымда Ла Лигаға оралды. 3-турдан кейін команда екі ұпаймен 16-орында тұр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Нұрлан Тұяқов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT