Роналдиньо жалған төлқұжатпен ұсталды

None
None
РИО-ДЕ-ЖАНЕЙРО. ҚазАқпарат - Бразилия құрамасының бұрынғы ойыншысы Роналдиньо (шын есімі Роналдо де Ассис Моррейра) Парагвай аумағына кіру үшін жалған төлқұжатты пайдаланды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы сәрсенбі күні ABC Color газеті хабарлады.

Сәрсенбі күні кешке спортшы орналасқан қонақүй бөлмесінде тінту жүргізіліп, оның барысында құқық қорғаушылар Роналдиньо және оның ағасы Робертоның атына жазылған жалған төлқұжаттарды анықтады. Басылымның жазуынша, екеуін де қонақүйде полиция күзетіп отыр, ал олар бейсенбі күні таңертең прокуратураға түсініктеме беруге баруы тиіс.

Бұған дейін өз отанында Роналдиньо салық төлемегені үшін шетел төлқұжатынан айырылған еді. Бұдан басқа футболшыға өзінің отбасы тұрып жатқан үйдің жанында пирс салып, табиғатты қорғау заңнамасын бұзғаны үшін 8,5 млн реал (2,2 млн астам доллар) көлемінде айыппұл салынған.


Соңғы жаңалықтар