Роналдиньо Парагвайда жалған төлқұжатты қолданғаны үшін түрмеге қамалды

None
None
РИО-ДЕ-ЖАНЕЙРО. ҚазАқпарат – Жұма күні Парагвайдың құқық қорғау органдары Бразилия құрамасының бұрынғы ойыншысы Рональдиноны республика аумағына кіру үшін жалған құжаттармен жүргені туралы істі тергеу аясында әкімшілік қамауға алды. Бұл туралы ABC Color газеті хабарлады.

Басылымның жазуынша, Роналдиньо өзінің ағасы және агенті Робертомен бірге Парагвай ұлттық полициясының қабылдау бөлімінде. Прокуратураның талабы бойынша оларды қонақүйден жеткізген.

Еске сала кетейік, сәрсенбі күні кешке спортшы орналасқан қонақүй бөлмесінде тінту жүргізіліп, оның барысында құқық қорғаушылар Роналдиньо және оның ағасы Робертоның атына жазылған жалған төлқұжаттарды анықтаған. Екеуі де ұсталған болатын.


Соңғы жаңалықтар