Роман Скляр: «Sukhoi Superjet 100» ұшақтары тұрақты рейстерде пайдаланылмайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр Ресейде апатқа ұшырыған «Sukhoi Superjet 100» ұшақтарының Қазақстанда пайдаланылуына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бізде Ресейде өндірілген «SSJ-100» маркалы бір ғана бизнес ұшақ пайдаланылып жүр. Бұл ұшақ жекеменшік компанияға тіркелген. Ал тұрақты бағдарларда бізде осы типтегі әуе кемесі пайдаланылып жүрген жоқ», - деді министр тілшілердің сауалына жауап бере отырып.

Сонымен қатар министр Шереметьеводағы ұшақ апатына қатысты ведомство атынан РФ Көлік министрлігіндегі әріптестеріне көңіл айту жеделхаты бағытталғалғанын айтты.

«Авиацияда барлық регламенттер мен қауіпсіздік талаптарын міндетті түрде орындау керек. Бұл негізгі басымдық болып саналады», - деді Р. Скляр.

Министр әрбір ұшақты тексерудің регламенті бар екенін, бұл тексерісті өндіруші зауыт, әуе компаниясы және азаматтық авиация инспекторы іске асыратынын атап өтті.

«Бұл нормалар бізде орындалып жатыр және оны ИКАО комиссиясы да растады», - деді Роман Скляр.

Соңғы жаңалықтар