Роман Скляр: Су тасқынына байланысты жағдай ерекше бақылауда

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкімет басшысының орынбасары Роман Скляр көктемгі су тасқынына байланысты жағдай ерекше бақылауда тұрғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Су тасқынына байланысты тәуекелдер ерекше бақылауда тұр. Біз барлық проблемалық мәселені осы жылдың 12 ақпанында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында анықтап, қарастырдық. Хаттамаға қол қойылды. Мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдар тиісті тапсырмаларды орындап жатыр. Ішкі істер министрлігіне елге су тасқынына қарсы шаралардың орындалуын үйлестіру және бақылау жүктелді», - деді Роман Скляр Үкімет отырысында.

Үкімет басшысының орынбасары өз сөзінде атап өткендей, сонымен қатар орталық мемлекеттік органдар мен облыстық әкімдіктер бар проблеманы қысқа мерзімде шешуі тиіс.

«Біз су тасқыны жағдайын қадағалап, апта сайын селекторлық режімде мәселені бақылауда ұстаймыз», - деді ол.

Еске сала кетсек, бүгінгі Үкімет отырысында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев су басу қаупі жоғары өңірлерді атап, төтенше жағдайлардың туындау қаупін азайту бойынша іс-шаралар жоспарымен бөліскен еді. Өз кезегінде Премьер-Министр Асқар Мамин су тасқынының алдын алу бойынша министрліктер мен әкімдіктерге бірқатар нақты тапсырма берді.


Соңғы жаңалықтар