Роман Скляр Шымкентті дамыту бағытындағы жұмыстармен танысты

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келді. Үкімет басшысының орынбасары Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Шымкент қаласын дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үкімет басшысының орынбасары өткізу қабілеті сағатына 2000 жолаушыны құрайтын Шымкент қаласы әуежайының жаңа терминалының құрылысын аралап көріп шықты. Бүгінде жоба бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының алғашқы кезеңі аяқталды. Ал, екінші кезеңнің құрылыс жұмыстарын «Альянс Контракт Құрылыс» ЖШС жүзеге асырады. 115 жұмысшы мен 10-ға жуық арнайы техника тартылған құрылыс жұмыстары екі ауысымда жүргізілуде. Жаңа терминалдың құрылысын осы жылдың қазан айында аяқтау көзделген. Вице-премьер одан әрі тоқтап тұрған бұрынғы «Меланж» АҚ-ның тоқыма фабрикасының және «Ютекс» АҚ тігін фабрикасын іске қайта қосу барысындағы атқарылып жатқан жұмыстарымен танысты.


Айта кетейік, бұл кәсіпорындардың мүлік меншігі бүгінде «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ-на өткен. Қала әкімі Ерлан Айтахановтың айтуынша, жол картасының жүзеге асырылуы, тоқыма кәсіпорындарының қайта іске қосылуы үшінші мегаполис үшін өте маңызды саналады. Бүгінде әкімдік тарапынан өндірісті іске қосуға және кәсіпкерлікке мейлінше қолдау көрсетіліп, инфрақұрылымын қалпына келтіру (электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне қосу) жұмыстары қарқынды жүруде. Бұл өз кезегінде Қазақстанда өңделетін мақта көлемінің 2 есеге өсуін қамтамасыз етіп, 800 адам жұмыспен қамтиды.


Соңғы жаңалықтар