Роман Скляр Шамалғандағы апат туралы толық ақпарат берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Шамалғанның пойыз өткелінде жабдықтаудың барлық талаптары сақталған. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Турксіб Астана» ЖШС тасымалдаушысының мәліметіне сүйенсек, пойыз құрамындағы жолаушылардан ешкім зардап шекпеген. Пойыз өткелі жолды жабу құрылғысымен, шлагбауммен және бағдаршаммен жабдықталған. Яғни, өткелді жабдықтау бойынша талаптардың бәрі сақталған», - деді Роман Скляр ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің айтуынша, «Setra» маркалы автобус 1990 жылы шығарылған. Бұрын техникалық тексерістен өту мерзімі 2019 жылдың 16 шілдесінде өтіп кеткен. Мерзімі өтіп кеткенімен техникалық тексеріске қайта кіргізілмеген.

«Тасымалдаушы «Қаскелең автобус паркі» ЖШС. Зардап шеккендер бойынша айтсам, 1986 жылы туған Әбдірқызы Эльмира Жәнібекова мен оның 2014 және 2016 жылы туған екі қызы зардап шекті. Элвираның өзі Алматы локомтив депосында қызмет етеді. ҚТЖ оған барлық көмекті жасайды», - деді ол.

Еске сала кетсек, кеше Шамалған станциясында пойыз бен автобус соқтығысқан болатын. Алдын ала болжам бойынша, автобус темір жолдың релсіне шығып кеткен.

Оқиға орнында автобус жүргізушісі мерт болып, тағы 3 адам Қарасай аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Оның екеуі бала.

Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 3-тармағы бойынша іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Істің тергелуін Бас көліктік прокуратура өз бақылауына алды.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақсеңгір-Шамалған теміржол өткелінде поезд бен автобус соқтығысынан жапа шеккендердің туған-туыстарына көңіл айтты.



Соңғы жаңалықтар