Роман Скляр Павлодар облысындағы бірқатар кәсіпорындарды аралады

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр жұмыс сапары барысында Павлодар облысындағы бірқатар кәсіпорындарды аралады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министр барған алғашқы кәсіпорын - 2015 жылы іске қосылған мыс кенін өндіру мен байыту жөніндегі ұзақ мерзімді стратегиялық жоба - «KAZ Minerals Bozshakol» ЖШС Бозшакөл кен-байыту комбинаты болды. Бұл жоба индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы аясында іске қосылған болатын.null

Сондай-ақ, Роман Скляр жұмыс сапары кезінде ең көне және ірі көмір кеніштерінің бірі - «Богатырь Көмір» ЖШС жұмысымен танысты. Бүгінгі таңда «Богатырь» және «Солтүстік» екі разрезі Қазақстандағы көмір өндірісінің жалпы көлемінің 44%-ын құрайды. Компания толық қуатымен жұмыс істейді, 2018 жылы мұнда шамамен 45 миллион тонна көмір өндірілді. Сонымен қатар, ол - аймақтағы ең ірі жұмыс беруші кәсіпорындардың бірі, онда 6,5 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған.

«Қазақстан теміржол компаниясы» ЖШС жүк вагондарын шығарады. Қазіргі уақытта компания жылына 2000 жартылай вагон, 500 жабық вагон немесе 500 платформасын шығара алады. Министр компания басшылығымен, жеткізушілермен және тапсырыс берушілермен мұндағы мәселелердің шешімін табу жолдарын талқылады.null null

Соңғы жаңалықтар